«Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 201 Бұйрығы (күші жойылды)

Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 201 Бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 наурыздағы Заңының 6-бабы 2-тармағының екінші бөлімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрінің

2011 жылғы 19 мамырдағы

№ 201 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және

(немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану

ережесі

 

1. Осы ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізу үшін жабдықтарға және қол жеткізу шартын анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.